«Мектепке жол» акциясы жылдағыдан ерекше өтті
Жаңа оқу жылының басталуы әр балаға, әр ата-анаға қуаныш сыйлайтыны баршамызға мәлім.
Қазақ елі қашанда жүрегі мейірімділікке, жүзі жылулыққы толы халық.
Жыл сайын үрдіске айналған 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жүргізіледі. Акция барысы – әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына мектепке қажетті құралдармен қамтамасыз ететін қайырымдылық шара.
Биыл № 39 «Қызылөзек» орта мектебінде «Мектепке жол» акциясы жылдағыдан ерекше өтті. Жылдағыдан 3 есе көп көмек жасалды. Қайырымдылық шарасына мектебіміздің ұстаздары, ауыл тұрғындары, мектеп түлектері, 11 сынып оқушылары өздерінің бір күндік жұмсайтын қаражаттарымен «Мектепке баруға көмектес» ұранымен қуаныш сыйлай білді. 100 оқушыға сөмке оқу құралдарымен беріліп, 8 оқушыға мектеп формасы берілді.
Жылдан жылға акцияға қатысып, көмек көрсетушілердің саны артуда. Әлем ізгі ниетті адамсыз емес – бұл өмір ақиқаты. Ауылымыздың қайырымдылық әлеуетін жұмылдыра білген мектебіміздің бастауыш кәсіподақ төрайымы Елубаева Ленамен мектеп әкімшілігіне алғыс айтамыз. Ерікті жастарымыз 100 оқушыға сөмке, оқу құралдарын үйлеріне апарып, тілектерін білдіріп, бүлдіршіндерімізге шаттық сыйлады. Ұстаздар күнінде мектебіміздің бастауыш кәсіподақ төрайымы Елубаева Ленаның ұйымдастырумен акцияға үлкен үлес қосқан отбасы мүшелріне алғыс хаттар табысталды.


23 – қараша –Жалпы адамзаттық құндылықтар күніне орай №39 «Қызылөзек» орта мектебінде шаралар жүргізілді. Бекітілген жоспар бойынша жалпыадамзаттық құндылықтарға арналған эссе және сурет байқаулары өтті. Байқауда балалар өздерінің табиғатқа, жалпыадамзатқа қамқорлықтары, жасаған жақсылықтарын бейнелеген. Сонымен қатар "Сүйіспеншілік әрбір жүректе!" атты бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 1-10 сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстарынан көрме ұйымдастырылды.

![]() |
|
«Сүйіспеншілік –адамның басты қасиеті, ақиқат оның негізі, дұрыс әрекет- оның шынайы өмірі» атты қашықтықтан ZOOM платформасында 10-11 сыныптар арасында Сапаржанова Жазираның ұйымдастыруымен сынып сағаты өткізілді.

Осы шара аясында «Жалпыадамзаттық құндылықтар - отбасылық тәрбиенің негізі» атты ата-аналарға арналған семинар-тренинг қашықтықтан ZOOM платформасында Сапаржанова Жазира өтті. Семинарда ата-аналар жалпыадамзаттық құндылықтар туралы білімдерін кеңейтіп, өз ойларын, семинардан алған әсерлерін, пікір-тілектерін айтып, алдағы жұмыстарымызға сәттіліктер тіледі.

5-7 сыныптар арасында Қалмағанбетова Сәуленің ұйымдастыруымен «Үлгілі болу – қызмет етудіңең тиімді жолы» атты тренинг өткізілді. Тренинг барысында жалпыадамзаттық құндылықтар туралы өз ойларын ортаға салды.Сыйқырлы қобдиша ойыны ойнатылды. Әр бала қобдишаның ішіндігі жазылған адамгершілік қасиеттер жазылған сыйлықты достарына сыйлады. Осы сыйлықты алған оқушыны лайықты деп таныса, қошемет көрсетілді. Жұректерге жазылған әр түрлі жақсы қасиеттерді қасындағы оқушыларға ұсынды.
Тренинг соңында оқушылар өз әсерлерін шарларға салып бейнелеп көрсетті.шара соңында сергіту жаттығулары жасалынып, кері байланыс жасалды.



Осы шара аясында «Риясыз сүйіспеншілікпен рухани бастауға тақырыбында Сапаржанова Жазира мұғалімдерге арналған семинар өткізді. Жоспардың мазмұны бойынша «Өзін – өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық – педагогикалық түсінік берілді. Мұғалімдерге сананың құрылымымен сана арқылы оқытудың тиімділігі, сананы тазарту жолдарын айқындап көрсетілді. Құндылық туралы түсінік беріліп, абсалюттік жалпыадамзаттық құндылықтардың ережесі айтылды. «Өзін – өзі тану» жалпыадамзаттық құндылықтарды пәндердің мазмұнына интеграциялау түрлері, жолдары түсіндіріліп, интеграциялауға мысалдар келтіріп, түсіндірдірілді. Мұғалімдер жақсы түсініп өз ой – пікірлерін ортаға салды.

2021 жылдың 12 ақпан күні №39 «Қызылөзек» орта мектебінде «Өзін – өзі тану» – Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік аясында адамның адамгершілік – рухани дамуы бағытына байланысты «Жүректен - жрекке» атты қайырымдылық акциясы қашықтықтан ZOOM платформасы арқылы болды. Мақсаты: Мектептегі оқушылар мен ерекше оқытуды қажет ететін балалармен достық қарым-қатынанас орнату және шығармашылық жұмыстарымен, мектептің бүгінгі тыныс тіршілігімен танысу.
Міндеттері: балаларды бірін-бірімен достық қарым-қатынас жасауға, сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Ерекше білім алуды қажет ететін оқушылардың шығармашылық жұмыс жасауға, өзін-өзі тануға мүмкіндік жасау.
Акцияның дайындық кезеңінде мектеп оқушыларына, ұстаздарына хабарландырулар жасалынып, мектебіміздің ерекше білім алуды қажет ететін оқушыларына сыйлықтар мен тілектер әзірленді. Акция барысында мектеп директорының ғылыми істері жөніндегі орынбасары Гүлмира Тұрашқызы сөз алып, оқушыларымызға тілектерін жолдады. Келесі кезеңдерінде балалар өз шығармашылығынан көрме, өлеңдерді мәнерлеп оқып өз өнерлерін ортаға салды. Жалпы осындай іс-шара жыл сайын біздің мектебімізде «Өзін – өзі тану» – Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік аясында өткізілу ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларымыздың шығармашылық кешіне айналғандай. Шара соңында «Өзіңді – өзің тани біл» тренингі ұйымдастырылып, жақсы көңіл күй орын алды. «Досыма сылық» айдары бойынша ұстаздардың демеушілігімен сыйлықтар және оқушыларымыздың өздері оқыған әдеби кітаптары мен ойыншықтары, ашық хаттары таныстырылып, ұйымдастырушы ұстаздар карантиндік шараны сақтай отырып, ерекше білім беруді қажжет ететін оқушыларымыздың үйлеріне апарып сыйға тартты.












