Бекітемін:
№39 «Қызылөзек» орта
мектебі директорының
міндетін уақытша атқарушы: Л.С .Сарманова
«Үш тілді » театр үйірмесінің бағдарламасы мен
тақырыптық жұмыс жоспары
«Үш тілді » театр үйірмесінің бағдарламасы мен тақырыптық жұмыс
жоспары
Мақсаты:
- оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, көркемдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру;
- оқырмандық, көрермендік талғамды қалыптастыру;
- ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
Міндеті:
- әдебиетті өнер табиғатына сай оқи білуге, мән – мағынасын терең түсінуге мүмкіндік туғызу;
- көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылығын ояту;
- жеке тұлғаның эмоциялық мәдениетін қалыптастыру;
- актерлік шеберлігін қалыптастыру, дамыту.
Жаңашылдығы:
- бағдарламада театрлық-ойын әрекетінің құралдары жүйеленген, балалар шығармашылығының түрлі жанрлары театрлық көрініске ену арқылы іске асуына негізделген.
Кіріспе
Оқушылардың тілі мен ойлау қабілетін қалай дамытуға болады? Сөздің сырын түсінуге қалай үйрету керек? Әлемді тануға, елгезектік пен қайырымдылық, біреудің қайғысына ортақтаса білу мен барлық тіршілік иесін жақсы көруге қалай үйрету керек?
Эмоционалдық ұялшақтықтан, қысылып-қымтырылудан арылу мен сөзді, образды сезіне білу мен кейіпкерге ене білуді үйренудің ең дұрыс жолы - бұл ойын қиялдау мен құрастыра білу. Мұның барлығын да театрландырылған үйірме бере алады. Аталмыш бағдарламада балалар театры тек қана көркемдік нәтижеге жету құралы , яғни спектакль қою ретінде ғана қарастырылмайды. Сонымен қатар,театр өнерімен шұғылдану оқушылардың ойлау қабілеті мен таным қызығушылығын белсендіруі, қиялы мен елесін оятуы, ана тіліне деген сүйіспеншілігі мен жанашырлығын оятуы өте маңызды.
Үйірме - оқушылардың іс- әрекетінің сабақтан гөрі басқа бір түрі. Оқушы дайын сабақты алумен шектелмейді, ол сондай-ақ, оны жасайды, өзі құрастырады. Үйірмеде балалар назары мәселені өздері қоюға, ойлану мен жетекші көрсетіп берген бағытта өздік жұмыстарын дамытуға , таным қабілеттерін дамытуға бағытталады. Олар тапсырманы орындауда жеке, ұжымдық жұмыстарды жасай отырып, қажетті құралдар мен әдіс-тәсілерді өздері таңдайды.
Сенімділік, оқушылар мен жетекшінің біріккен қызметі, дидактикалық материалмен бірігіп жұмыс жасау, өнердің басқа түрлерімен байланыс, бәрі- оқушының жеке тұлғасының дамуына әсер етеді.
Түсінік хат
Үйірме – бұл мұғалімнің оқушылармен әріптестік қатынаста және нәтижеге қол жеткізуі үшін жұмыс жасауына арналған. Бұл технология қатысушыларды ізденімпаздыққа, таным мен өзін-өзі тануға бағытталған. Үйірменің өз жұмыс мақсаты мен міндеттері бар. Сезіну,елестету, көру, тапсырманы орындау, содан соң ізденімпаздықты ұйымдастыру – жетекшінің тілеген әрекеттері міне, осылар. Оқушының үйірмеге ұмтылысын күшейтетін нәрселер – өз идеяларын ұсыну, жарнамалау, өз жұмысының нәтижесін көру. Үйірме жұмысы үнемі өз жұмысын талдаумен, өз әсерімен бөлісумен аяқталып отырады. Үйірме жұмысы бірнеше бөлімдерден құралған бағдарламадан тұрады. «Сөйлеу мәдениеті мен техникасы» бөлімініде тыныс алу, сөйлеу мүшелерінің еркін жұмыс жасауына бағытталған жаттығулар мен ойындар жүргізіледі. Сондай-ақ, нақты мәнер мен ойлау, орфоэпиялық заңдылықтар түсіндіріледі. Бөлімге байланыс қабілетін дамытатын, қысқаша пьеса, поэма мен әңгімелер құрауға үйренетін, қарапайым іс-әрекеттерді таңдай білетін сөздік ойындар енгізілген.
Келесі «Сымбат пен мүсін икемділігі» бөлімінде баланың қозғалыс қабілеттерін, дене әрекетінің әдемі қимыл қозғалысын, оқу күшін жеңілдетуге бағытталған дамыту ойындары мен жаттығу жұмыстары жүргізіледі.
«Театральдық ойын» бөлімінде оқушының тек қана кәсіби шеберлігін дамыту қарастырылмайды, сондай-ақ, ойын әрекетіндегі эстетикалық сезімін дамыту, құрдастары мен үлкендер түрлі жағдаяттар арасында өзін дұрыс ұстай білу тәртібі үйретіледі. .
«Әдеп пен мәдениет» бөлімінде оқушылардың өмірдің мәні мен құндылықтарын түсіну, жалпы адамзаттық бағалы қасиеттерді ұғыну, сөйлесу мәдениеті мен өзін ұстай білу әдебін, эстетикалық мәдениетті (талғамы бар оқырман, көрермен бола білуге) білу үйретіледі.
Күтілетін нәтижелер:
Оқу жылының аяғына қарай оқушы:
Біледі:
Театр деген не?
Театр басқа өнер түрлерінен несімен ерекшеленеді
Театр неден пайда болды?
Театрдың қандай түрлері бар? (Қуыршақ,драмалық,опера,балет,музыкалық комедиялар,халықтық)
Театр қойылымдарын (спектакльдерді) кімдер жасайды?
Түсінігі болады:
Сахнаның негізгі техникалық құралдары жөнінде
Сахнаның безендірілуі жөнінде
Сахна мен көрермен залында өзін – өзі ұстау ережелі туралы
Үйренеді:
Өзінің өмірдегі құбылыстарға қатынасын сахнада көрсетуді
Бейнелі ойлауды
Назарын аудара білуді
Өзін сахна кеңістігінде сезінуді
Таланттарын үстемелейді:
Кейіпкермен (сыныптастармен) сөйлесу
Қарапайым актер шеберлігі
Қоршаған әлемді бейнелі қабылдау
Сыртқы зиян келтірушілерге дәл, бейнелі әсер ету
Ұжыммен жұмыс
Сондай-ақ, артық ұялшақтықтан, қоғамнан қорқудан, «сыртқы көзқарастан» қысылудан арылады, тіл табысқыштық, ашықтық, қоршаған ортаға қамқорлық, ұжым алдындағы жауапкершілік қасиеттерін алады.
Үш тілді театр үйірмесінің жылдық жоспары
|
№ |
Тақырыбы |
Сағат саны |
Мерзімі |
|
I жартыжылдық |
|||
|
1 |
Кіріспе. Үйірменің жұмыс жоспарымен таныстыру. Үйірмеге қатысушылардың тізімін жасау. |
1 |
Қыркүйек |
|
Сөйлеу мәдениеті мен техникасы |
|||
|
2 |
Назар аударуды дамыту ойындары. |
|
Қыркүйек |
|
3 |
Түрлі әңгімелерден рольдік ойындарға этюдтер жасау. |
1 |
Қыркүйек |
|
Сымбаттылық, икемділік |
|||
|
4 |
Психофизикалық тренинг, этюдке дайындық. Сымбат пен жүріс әсемдігін меңгеру. Сахналық «Көрерменге сөйлеу» этюдін үйрену. («Танысу», «Тілек тілеу», «Айна»). |
1 |
Қыркүйек |
|
Театральдық ойын |
|||
|
5 |
Театр құрылымымен, оның негізгі мамандары: актер, режиссер, сценарист, суретші, гримермен танысу. Сахналық этюд «Театр мамандарын» үйрену. |
1 |
Қазан |
|
6 |
Грим техникасы. Гримнің және гримдегі техникалық құралдардың гигиенасы. Жалпы рең берудің әдістері. |
1 |
Қазан |
|
7 |
Қойылымныңсценариіментанысып үйрену. (Ана. Жер-Ана) |
1 |
Қазан |
|
8 |
Рольдегілердің мінез-құлық, түр, түс ерекшелігіне (сыртқы бейнесі мен дауыс мәнерін және т.б. ескере отырып) қарай соған сай келетін оқушыларды рольдерге бөлу. |
1 |
Қазан |
|
9 |
Көріністердегі рольдермен жұмыс жасау. (Диалог барысындағы мимикамен, ой екпінімен, сахналық безендірумен жұмыс 1жасау) |
1 |
Қараша |
|
10 |
Қойылымның мазмұнын ашуға сай келетін музыка таңдау. Дайындық жұмысы. |
1 |
Қараша |
|
11 |
Костюмдермен, безендірумен, музыкалық қосымшамен бірге күрделі дайындық жұмысын жүргізу. |
1 |
Қараша |
|
12 |
Қойылымды оқушылар, ата-аналар мен мұғалімдер алдында қою. |
1 |
Қараша |
|
13 |
Үйірмені сырттан бақылаушылармен және қатысушылармен бірге талдау жұмысы (келесіде қайталанбауға тиісті жіберілген кемшіліктері). Іс- әрекетті талдау (Қойылыммен жұмыс жасау қызықты болды ма, оның қажеттілігі болды ма, ұжыммен бірге әрі қарай не жасайтындығына - келесі іске ұжымдық жоспар құру) |
1 |
Желтоқсан |
|
Әдеп пен мәдениет |
|||
|
14 |
Әдептің жалпы адам мәдениетімен байланысы Адамның бір-біріне сыйластығы, жер табиғатына, Отанға,балалық шаққа, кәрілікке, ата-анаға, нанға, білімге, өз-өзіне және барлық білмейтін нәрсеге сыйластық қарым-қатынас. |
1 |
Желтоқсан |
|
15 |
Сахналық этюд «Театр ілгіштен басталады, ал, әдеп «сиқырлы» сөздерден басталады» |
1 |
Желтоқсан |
|
16 |
«Әдеп пен мәдениет»тақырыбында шығармалармен танысу. |
1 |
Желтоқсан |
|
ІІ жартыжылдық |
|||
|
Сөйлеу мәдениеті мен техникасы |
|||
|
17 |
Тыныс алуды дамыту мен сөйлеу мүшелерінің еркін жұмыс істеуіне бағытталған ойындар мен жаттығулар |
1 |
Қаңтар |
|
18 |
Тілдік сөйлеу қызметін дамытуға арналған |
1 |
Қаңтар |
|
Қимыл-қозғалыс икемділігі |
|||
|
19 |
Қимыл-қозғалыстың икемділігіне дайындық. |
1 |
Қаңтар |
|
Сахналық этюд |
|||
|
20 |
«Жарнама», « Қайшылық» , жұптық сахналық этюдтер
|
||
|
Театральдық ойын |
|||
|
21 |
Мәтіндегі ойға сөздік іс-әрекет. Сөйлеу мен дене әрекеті (дене мен сөйлеу жұмыстарын елестету, жасау, ой қимыл икемділігі арқылы ашылады) |
1 |
Қаңтар |
|
22 |
Байқау қабілетін дамыту. (Өз бақылауы негізінде этюд көрсету. Адам мінезін, оның қоршаған ортаға қарым-қатынасын түсіну мен түсіндіру). |
1 |
Ақпан |
|
23 |
Артикуляция мүшелерімен, дикциямен (мәнер) және орфоэпиялық ережелермен танысу жұмыстары (Мақал-мәтелдер мен жаңылтпаштар арқылы жаттығу) |
1 |
Ақпан |
|
24 |
Кейіпкермен жұмыс. Бет әлпет мимикасымен жұмыс жасау, талдау. Шаш үлгісі мен париктер. |
1 |
Ақпан |
|
25 |
Қойылымның сценарийімен танысу |
1 |
Наурыз |
|
26 |
Оқушыларды бет-әлпет, мінез-құлық, дауыс мәнері ерекшеліктеріне қарай рольдерге бөлу. (сырт бейнесі, және т.б. сай келуі ескеріледі. Жекелеген көріністермен дайындық. |
1 |
Наурыз |
|
27 |
Пантомимикалық іс-әрекеттермен дайындық. Афишалар дайынау. |
1 |
Наурыз |
|
28 |
Көрермен алдында сахналау |
1 |
Наурыз |
|
29 |
Сахналанған қойылымды талдау |
1 |
Сәуір |
|
Сөйлеу мәдениеті |
|||
|
30 |
Сөйлеу мәдениеті адам бейнесі мен оның тартымдылығын құрайтын негізгі бөлік ретінде |
1 |
Сәуір |
|
31 |
Сөйлесу ережесі мен өзін-өзі ұстау тәртібінің ережесі (Сахналық этюдтер қою) |
1 |
Сәуір |
|
32 |
Сахналық этюдтер («Қоғамдық орындарда» «Үйде, отбасында») |
1 |
Сәуір |
|
Театральдық ойын |
|||
|
33 |
Диалог – жануарларға дыбыстық еліктеу мен олардың дыбысын салу. (Әтеш –тауық, шошқа – сиыр, арыстан – қой, ит- мысық, екі маймыл, үлкен ит- кіші ит) |
1 |
Мамыр |
|
34 |
Рольдерін ойнау, дайындық. Диалог кезіндегі мимикамен, ой екпінімен жұмыс жасау. |
1 |
Мамыр |
|
35 |
Сахналау (ата-аналар немесе мұғалімдер мен оқушылар алдында есеп беру). |
1 |
Мамыр |
|
Қорытынды |
|||
|
36 |
Бір жылдың жұмысын талдау. |
1 |
Мамыр |






