Әлеуметтік қызмет

  • Әлеуметтік педагог

Мектептің әлеуметтік педагогы: 

сурет

№ «Қызылөзек» орта мектебінің әлеуметтік педагогы Сапаржанова Жазира
Айдарбековна
 

Білімі: жоғары,  Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті,

2019 жыл, ЖБ-№ 1496227

Мамандығы: әлеуметтік педагог және өзін – өзін тану        

Педагогикалық өтілі: 18 жыл

Әлеуметтік педагогикалық өтілі:  4  жыл

 

Әлеуметтік педагогтың мектептегі іс-әрекеті

Әлеуметтік педагог баланың әлеуметтік тәрбиесін ұйымдастыушы және әлеуметтену процесінің жоспарлы, мақсатты жағдай жасайтын маман.

Әлеуметтік педагог:

  • Тәрбиелеуші
  • Ұйымдастырушы
  • Қорғаушы
  • Бала – жанұя – қоғам арасында байланыстырушы
  • Делдал
  • Рухани тәлімгер әлеуметтік терапевт

 

  • Әлеуметтік педагогтың мақсаты:

Оқушылардың дамуын, тәрбиесін, білім алуын әлеуметтік тұрғыдан қорғау. Оқушының ұтымды әлеуметтенуіне әсер ететін баланың кіші ортасын ұйымдастыруға ықпал жасау. Әлеуметтенуге мұқтаж  жандарды қоғамдық өмірге бейімдеу. 

 

Отбасына әлеуметтік  кеңес беруді  ұйымдастыру

Мектепте  әлеуметтік  педагогтар  педагог-психолог мамандарымен, сынып жетекшілермен, әкімшілік құрамымен және ата-аналармен  тығыз байланыста қызмет атқарады. Яғни,  олармен  оқушылардың  құжаттарын тағайындауда,  олардың  әлеуметтік  мұқтаждығына көмек беруде және  оқушылардың ішкітұлғалық, тұлға аралық шиеленісті жағдайлар туындағанда, оқушы мен педагог арасында кикілжің пайда болғанда әлеуметтік педагогпен бірлесе жұмыс жүргізеді. Осы кезеңде,  әлеуметтік  педагогта  кеңес беру  журналы болуы тиіс. Сынып жетекшіге, оқушыға, пән мұғалімдеріне және ата-аналарға  арналған кеңес беру журналы тіркеліп отырады.

 

 

 

 

Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде ұсынылатын көмектің түрлері

мен көлемдерін айқындау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019

жылғы 30 желтоқсандағы № 1032 қаулысы.

 

"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 1-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде ұсынылатын көмектің түрлері мен көлемдері айқындалсын.
  2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1032 қаулысына
қосымша

 

Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде ұсынылатын көмектің түрлері мен көлемдері

  1. Кепілдік берілген әлеуметтік топтама "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңынасәйкес шартсыз немесе шартты ақшалай көмек алушылардың қатарындағы:

      1) атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған кезеңде - бір жастан алты жасқа дейінгі балалары бар;

      2) тиісті оқу жылы кезеңінде - орта білім беру ұйымдарында оқитын, алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасыларға беріледі.

  1. Бір жастан алты жасқа дейінгі балалар үшін кепілдік берілген әлеуметтік топтама осы көмек түрлері мен көлемдеріне 1-қосымшағасәйкес бір жастан алты жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасыларға ұсынылатын кепілдік берілген әлеуметтік топтаманың түрлері мен көлемдерінде беріледі.
  2. Орта білім беру ұйымдарында оқитын алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балалар үшін кепілдік берілген әлеуметтік топтама:

      1) осы көмек түрлері мен көлемдеріне 2-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарында оқитын алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасыларға кепілдік берілген әлеуметтік топтаманың түрлеріндегі және көлемдеріндегі мектеп формасын не спорттық форманы және мектеп-жазу керек-жарақтарының жиынтығын;

      2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін нормаларға сәйкес оқу жылы кезеңіндегі оқу күндері оқитын жері бойынша бір реттік ыстық тамақты;

      3) қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тасымалдау кезінде билеттің толық құнының кемінде 50 проценті мөлшерінде қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруді қамтиды.

  1. Бір жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларға денсаулық сақтау саласындағы заңнамаға сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі көмек түрлері мен көлемдері бойынша медициналық, оның ішінде стоматологиялық көмек ұсынылады.
 

Кепілдік берілген әлеуметтік
топтама шеңберінде сынылатын
көмектің түрлері мен
көлемдеріне
2-қосымша

 

Орта білім беру ұйымдарында оқитын алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасыларға берілетін кепілдік берілген әлеуметтік топтаманың түрлері мен көлемдері

Санат

Түрі

Көлемі
(бірлік)

1. Мектеп формасы жинағы

Ұлдарға

Пиджак

1

 

Кеудеше

1

 

Шалбар

1

 

Көйлек немесе водолазка

1

 

Аяқ-киім

1

Қыздарға

Пиджак

1

 

Кеудеше

1

 

Белдемше немесе сарафан (шалбар)

1

 

Блузка немесе водолазка

1

 

Аяқ-киім

1

Немесе
спорттық
форма

Спорттық костюм

1

Спорттық аяқ киім

1

 

Мектеп-жазу керек-жарақтарының жинағы

1-4 сыныпты
қоса
алғандағы
оқушыларға

Рюкзак (қызға немесе ұлға арналған)

1

Дәптерлер (12 парақ)

20

Пенал

1

Сурет салуға арналған альбом (24 бет)

1

Шарикті қаламсап

10

Қара қарындаш

5

Тыстар (дәптер және (немесе) кітаптар үшін)

20

Акварель бояулары

1

Сызғыш

1

Өшіргіш

1

5-9 сыныпты
қоса
алгандағы
оқушыларға

Рюкзак (қызға немесе ұлға арналған)

1

Дәптерлер (12 парақ)

20

Қалың дәптер (24 бет)

10

Пенал

1

Сурет салуға арналған альбом (48 бет)

1

Шарикті қаламсап

10

Қара қарындаш

5

Тыстар (дәптер және (немесе) кітаптар үшін)

20

Сызғыш

1

Өшіргіш

1

10-11
сыныпты
қоса
алғандағы
оқушыларға

Рюкзак (қыз немесе ұлға арналған)

1

Дәптерлер (12 парақ)

20

Қалың дәптер (36 бет)

10

Пенал

1

Шарикті қаламсап

10

Қара қарындаш

10

Тыстар (дәптер және (немесе) кітаптар үшін)

20

Сызғыш

1

Циркуль

1

Өшіргіш

1

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008жылғы  25  қаңтардағы №64 қаулысы

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2008 жылғы

25 қаңтардағы

№ 64 қаулысымен
бекітілген

 

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидалары

     Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 949  (01.01.2021 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

 

  1. Осы Қағидалар "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзірленген және мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің мынадай санаттарына:

      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;

      2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;

      3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға;

      4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;

      5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына (бұдан әрі – білім алушылар мен тәрбиеленушілер) қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен есепке алу тәртібін айқындайды.

 

  

Әлеуметтік педагогтың мектеп бойынша  5 санат негізінде оқушыларға

«Жалпыға бірдей міндетті оқу қоры» қаржыларынан көмек беру үшін қажетті

құжаттар тізбесі

 

  • Ата –аналардың немесе оларды ауыстыратын тұлғалардың көмек беруді сұраған өтініші;
  • Оқушылырдың туу туралы куәлік көшірмесі;
  • Отбасындағы ересек мүшелердің жұмыс орындарынан табысы көрсетілген анықтамалары;
  • Неке немесе некенің орнына жүретін құжат (неке бұзу, Ф-4, әкелікті анықтау, ата – анасының бірі қайтыс болғаны жөніндегі құжат);

 

 

 

 

 

 

"Жалпы білім беретін
мектептердегі білім алушылар
мен тәрбиеленушілердің
жекелеген санаттарына тегін
және жеңілдетілген
тамақтандыруды ұсыну"
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына
1-қосымша

 

 

 

Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысыБаймурзаева  Динара Қонақбайқызына
______________________________________
______________________________________
өтініш берушінің Т.А.Ә.
(бар болғанда) және жеке
сәйкестендіру нөмірі, мына
мекенжайы бойынша тұратын:
______________________________________
(елді мекен атауы, тұрғылықты
мекенжайы, телефоны)

 

Өтініш

      Менің кәмелет жасқа толмаған_________________________________________________

_______________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болғанда) туған күні және жеке сәйкестендіру нөмері)

№39 «Қызылөзек» орта мектебі __________________________________ оқитын баламды

                                                                (сынып литерін көрсету)

2021-2022 оқу жылында  тегін тамақтандырумен қамтамасыз етілетін білім алушылар мен тәрбиеленушілердің  тізіміне қосуды сұраймын.

  

      "___" _____________2022жыл                   азаматтың (азаматшаның) қолы

 

 

 

 

 

 

 

 

Көрсетілген қызметті алушыдан құжаттардың алынғаны туралы

 

ҚОЛХАТ

Білім беру ұйымы: Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы, №39 «Қызылөзек» орта мектебі 

Құжаттардың қабылданғандығы туралы №______қолхат ______________________________________________мынадай құжаттар алынды: 1.Өтініш 2.____________________________________________________________________

3._____________________________________________________________________

4._____________________________________________________________________

5._____________________________________________________________________

Өтініштің қабылданған күні «      »_______________2021 ж

құжаттарды қабылдаған жауапты адам: Ж.А.Сапаржанова 

телефоны:87051627876             

Алдым:________ қолы

 

 

 

АНЫҚТАМА

 

 

жалпы білім беретін мектептерде жекелеген санаттарына тегін

және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну туралы

 

 

      Осы анықтама №39 «Қызылөзек» орта мектебінің ________ сынып оқушысы _________________________ 2021 – 2022 оқу жылында тегін және жеңілдетілген тамақтандырумен қамтамасыз етілетін білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тізіміне енгізілгендігі үшін берілді.

 

 

Баймурзаева  Динара  Қонақбайқызы _______________________                 2021жыл

Мөрдің орны                                                  (қолы)

     

 

 

 

 

 

 

"Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Астана және Алматы қалаларының,
облыстық маңызына ие аудандық
және қалалық жергілікті атқарушы
органның басшысына
____________________________
____________________________
(білім беру органының атауы)
(_________ облысы, _______ ауданы)
____________________________
(басшының Т.А.Ә. (бар болғанда))
____________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар
болғанда) және жеке сәйкестендіру
нөмері) мына мекенжайы бойынша
тұратын:
____________________________
(елді мекен атауы, тұрғылықты
мекенжайы, телефоны)

 

Өтініш

      Менің кәмелет жасқа толмаған (Т.А.Ә. (бар болғанда) туған күні және жеке сәйкестендіру нөмері) (мектеп № және сынып литерін көрсету) оқитын баламды___________________________________________________________ (оқу жылын көрсету) қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуын қамтамасыз етілетін білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тізіміне қосуды сұраймын.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін

      "___" _____________20__ жыл қолы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АНЫҚТАМА

 

 

қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама беру туралы

 

 

 

Осы анықтама _______________________________________ шын мәнінде қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдамамен қамтамасыз етілетіндігі үшін берілді.

 

Анықтама 2021 - 2022 оқу жылы кезеңіне жарамды.

  

 

МП                                                                        2021 г.

                          (қолы)

 

 

 

 

Әлеуметтік педагогтің өз қызметін жүргізудегі басшылыққа алатын нормативтік-құқықтық құжаттары

  1. БҰҰ «Балалардың құқықтары туралы Конвенция»;
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы;
  3. ҚР «Білім беру туралы заңы»;
  4. ҚР «Неке және отбасы туралы заңы»;
  5. «ҚР баланың құқықтары туралы заңы»;
  6. «Патронаттық тәрбие  туралы  ереже»;
  7. «Қорғаншылық және  қамқоршылық  туралы  ереже»;
  8. ҚР Еңбек  кодексі;
  9. ҚР Қылмыстық  кодексі;
  10. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын-алу туралы» ҚР Заңы.
  11. Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы
  12. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы  24 сәуірдегі № 158 бұйрығы.
  13. ҚР Үкіметінің 2008жылғы 25  қаңтардағы №64 қаулысы
  14. ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы  №598 бұйрығы
  15. Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде ұсынылатын көмектің түрлері мен көлемдерін айқындау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 1032 қаулысы.