1 қыркүйек білім күніне байланысты жаңа оқу жылының ашылу салтанаты өткізілді. Іс-шараға қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Омарбеков Нұралы Жақсыбекұлы қатысып мектеп ұжымын айтулы мерекемен құттықтап, ата-аналарға жылы лебізін білдірді.Жиын аяқталғаннан кейін барлық сыныпта «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» тақырыбында ашық сабақтар өткізілді.

№39"Қызылөзек"орта мектебінде " Жолда жүру ережесін білесің бе?" тақырыбында 1-4сыныптар арасында ауылдық полицияның қатысуымен
жол қауіпсіздігі туралы ашық тәрбие сағаты өткен болатын.
Мақсаты: - Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру; ережелерді есте сақтауға үйрету;
- Жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу;
Көрнекілік: бағдаршам, сызылған жол, жол белгілері.


2021-2022 оқу жылының Iтоқсанынан бастап 1-9 сыныптар дәстүрлу оқуға көшкендіктен 19 қараша күну «Инабат »қыздар ұйымы «Қыз үйде,қылығы түзде» тақырыбында кезекті отырысы өтілді. Мақсаты: Жаңа әлеуметтік даму жағдайында қыз балаларға тәрбие берудің жүйесін айқындай отырып,белсенді шығармиашылық іс- әрекеттерге дайын,ұлттық және әлемдік білім нәрімен сусындаған,жоғары деңгейдегі мәдениетті және адамгершілігі мол,өзінен кейінгі ұрпақ алдындағы жауапкершілік ұғымын түсінетін қыз бала қалыптастыру,Іс-шара барыснда қыз баланың жеке бас гигенасы,қыз бала тәрбиесі жайлы баяндама оқылып,оқушылар арасында түрлі сұрақтар қойылып,талқыланды.

«Жас ұлан», «Жас қыран » оқушылары мектебіміздің ардагер ұстаздарын мерейлі мерекемен құттықтады.
Елбасымыз Тәуелсіз Қазақстанның келешегі қашанда қоғамдағы білім деңгейіне тәуелді екенін үнемі айтып келеді. Осы орайда Алаш көсемдерінің бірі Ахмет Байтұрсыновтың "Мектептің жаны-мұғалім яғни мұғалім қандай болса,мектеп, оқушы сондай болмақ деген сөздері еске түседі.Саналы ұрпақ өсіріп, сапалы білім мен тәрбие беру баршамыздың ортақ парызымыз болса керек.Ұстаздың жұлдызын жағып ,мәртебесін биіктететін де ,тағылымын қалыптастырып ,танымын кеңейтетін де - осы өлшемдер.Осы бір аталы ұғым -ұстаздар қауымы үшін басты ұстаным болуы шарт дей отыра,мектебіміздің ардагер ұстаздарымен, ұстаздар қауымын төл мерекесімен құттықтаймын!!! Рая апай,Камаш апай сіздерден тәлім -тәрбие алған балаларыңыз білімді тұлғаға айналсын.Тұлға болған балаларыңыз атыңызды шығарып жүрсе ,жетістіктің биігі сол болмақ.Есімдеріңіз алтын әріппен жазылып, тарихта қалар ұстаз болыңыздар!

Күзгі демалыс күндерінде мектебімізде салауатты өмір салтын қалыптастыру және оқушылардың күзгі демалыс кезінде бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында офлайн түрде Дене шынықтыру және БӘД" бірлестігінің ұйымдастыруымен кіші футболдан 5-7 сынып оқушылары арасында сайыс болып өтті. Нәтижесінде: 6"а" сыныбы І орын, 7"б" сыныбы ІІ орын, 7"а" сыныбының оқушылары ІІІ орынға ие болды. Жарыс санитарлық талапты қатаң сақтай отырып өткізілді.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы мақтау қағазымен марапаталды.

29 – қараша күні 1- желтоқсан Президент күніне орай «Менің тұңғыш президентім» тақырыбында елбасымыздың үштілділік саясатын іске асыру мақсатында үш тілде мәнерлеп оқу сайысы мен 2-4сынып оқушыларын Жас қыран ұйымына қабылданды. Бұл сайысты өткізудегі мақсатымыз жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін және елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан еңбегін дәріптеу. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу. Мәнерлеп оқу сайысының шымылдырығын түрлі облыстық, қалалық мәнерлеп оқу сайысының жеңімпазы 11 – сынып оқушысы Балмағанбет Мерей Елбасына арнаған өз арнауымен ашып берді. Елбасы туралы ақындарымыздың жазған өлең жырларын үш тілде мәнерлеп оқу арқылы 5–10 сынып оқушылары өз білімдерін шыңдай түсті. Үш тілде жүргізілген бұл сайыстың тиімді тұстары оқушылар үш тілді қатар меңгеру өз игілігің, өз болашағың үшін керектігін сезіне түскендей. Сайыс соңында өнерлі жастарымыз әннен шашу шашып, флешмоб ұйымдастырылса, мектебіміздің жас ұландары мерекелік көңіл күй сыйлады. Сайыс қорытындысы бойынша қатысушыларға марапаттаулар беріліп, сайыстың шымылдырығын ұлттық би билеген биші қыздарымыз жапты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойына орай, «Жас Ұлан » , «Жас қыран» ұйымының оқушыларының "Менің Қазақстаным - менің болашағым" атты әдеби оқу
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 30 жыл ішінде тәуелсіз қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген Елбасымыздың көреген саясатының ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашан да айтып өтеміз.


ЖАҢА ЖЫЛ — ЖАҢА ӨМІРДІҢ ЖАҢА БАСТАМАСЫ
Міне, тағы бір жыл да тарих қойнауына кетіп,
төрімізге келер Жаңа жылға да санаулы күндер қалды.
Барша адам Жаңа жылдан көп жақсылықтар күтеді, Жаңа жылды ерекше салтанатпен, үлкен үмітпен қарсы алады.
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында №39 «Қызылөзек» орта мектебінің кәсіподақ төраймы Елубаева Лена Әкімханқызының ұйымдастыруымен мектеп мұғалімдері арасында барлық карантиндік талаптардың қатаң түрде сақталуымен «Қош келдің, жаңа жылым-бақ жылым» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Мерекелік іс – шара аясында 107 кәсіподақ мүшелеріне және 22 ардагер ұстаздарымызға жаңа жылдық сыйлықтар табыс етілді. Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы әкімінің «Алғысымен» 5 мектеп мұғалімі және мектеп оқушыларын ҰБТ – ге әзірлейтін 7 мектеп мұғалімі «Алғыс хаттармен» және мерекелік сыйлықтармен, ҰБТ-де оқушылары ең жоғарғы көрсеткіш (20 баллды) көрсеткен 2 мектеп мұғалімі арнайы сыйақымен марапатталды. Кәсподақ атынан 3 мектеп мұғалімдері 45 жас мейрейлі туған күн иелеріне арнайы сыйлықтар табысталды.
Жаңа жылдан жақсылық күтеміз, жаңа жылға көп үміт артамыз. ЖАҢА ЖЫЛ үлкен жетістіктерге жетелесін, барлық бастамаларыңызға табыс әкелсін.

...ҚАЛДЫРҒАН ІЗІ МӘҢГІЛІК,
ЖАДЫМДА ТҰРАР ЖАҢҒЫРЫП,-
деп өлең жолдарында жазылғандай ұлы ұстаздардың жүріп өткен дана жолы әрдайым құрметке лайық! Жаңа жыл мерекесі қарсаңында, «батаменен ел көгерер»,- деген мақалды өздерінің ұстанымы деп білетін №39 «Қызылөзек» орта мектебінің ұстаздары кәсіподақ төраймы Лена Әкімханқызының ұйымдастыруымен Аяз ата, қарша қыз болып, мектепті өздерінің екінші үйіндей көріп, ал шәкірттерін өз баласындай тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатқан аяулы ардагер ұстаздарымызды мерейлі мерекелерімен құттықтап, сый-құрметтерін тарту етті. Атап өтетін болсақ,
Біттібаева Алма апайымызды мерейлі 65 жасымен;
Абдуллаева Беренкүл апайымыздың 75 жасымен ;
Әкімова Рая апайымыздың мерейлі 65 жасымен
және алда келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, мерекелік сыйларын табыстады. Әрдайым ардагер ұстаздарын назардан тыс қалдырмайтын мектеп ұжымына туған күн иелері, аяулы ардагерлеріміз ерекше ризашылығын білдіріп, ақ баталарын беріп шығарып салды.


№ 39 «Қызылөзек» орта мектебінде 2021-2022 оқу жылында «Жас ұлан» , «Жас қыран» ұйымындағы оқушылар саны
|
№ |
Ұйымның аты |
Саны |
|
1 |
Жас Ұлан |
241 |
|
2 |
Жас қыран |
73 |
|
3 |
Барлығы |
314 |
Мектеп тәлімгері Г. Оспанова






